Алматы қаласындағы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайы туралы айта келе, қала басшысы Б.Сағынтаев 10 атау бойынша дәрілік препараттарға сұраныстың артуы байқалатынын атап өтті.

Қазіргі уақытта қала басшылығы дәрілік заттарды өндірушілермен, ірі жеткізушілермен және дистрибьютерлермен Алматы қаласының дәріханаларына дәрі-дәрмектерді үздіксіз жеткізу туралы келісімге қол жеткізді. Осы мақсатта фармацевтикалық компаниялармен келісімге қол қойылды және 105 дәріхананың тізімі анықталды. Оларға басым тәртіппен дәрі-дәрмектер жеткізілетін болады.

Әкімнің ақпаратына қарағанда, келісім бойынша дәріханалардың бағаны көтермеу және бір атаудағы 3 бірліктен артық емес дәрі-дәрмектерді бір қолға беру міндеті қарастырылған.

Анықтама үшін: 5 шілдедегі жағдай бойынша қаланың дәріханаларына 115 мың "Парацетамол", 30 мың термометр, 20 мың орам "Ибупрофен", 35 мың таб. "Ингавирин" және басқа да дәрі-дәрмектер. Қосымша 150 мың таб. парацетамол және 50 мың термометр. 8 және 12 шілдеде қосымша 80 мың термометр мен 850 мың таб. "Парацетамол" жеткізіледі.

«Бағаны бақылау мақсатында мониторинг тобы құрылды, ол қаланың 105 дәріханасында күн сайын дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар, қалада дәрі - дәрмектердің бар болуына мониторинг жүргізу мақсатында Алматы қаласында ірі жеткізушілерді, өндірушілер мен дәріханалар желілерін қоймаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғы және күтілетін жеткізілімдер бойынша дұрыс ақпарат беруді міндеттейтін қаулы қабылданды», - деп атап өтті Б.Сағынтаев.