Колледждер мен жоғары оқу орындары оқу жылын дистанциялық форматта бастайды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Эпидемиологиялық жағдайы қолайлы шалғай аудандардағы колледждер ерекше жағдай жасай алады. Нақты тізім кейінірек белгілі болады. Дәстүрлі формат колледждерде өндірістік оқыту, кәсіптік практика үшін, негізінен бірінші және соңғы курстардың білім алушылары үшін жеке кесте бойынша көзделген.

«Жоғары білім беру жүйесінде – оқыту негізінен қашықтықтан, дәстүрлі түрде, зертханалық жұмыстар үшін жеке кесте бойынша, докторантура үшін мысалы, өндірістік оқыту және кәсіптік практика болса, тек кейбір мамандықтар бойынша жүргізіледі. Жалпы, жоғары білім деңгейі бойынша қашықтықтан оқыту жүргізіледі», - деп нақтылады министр.

Министрлік ең бастысы инклюзивті және білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз етеді.