Қазақстанда электр энергиясын ала отырып, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату технологиясын енгізуге ниетті.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және кәдеге жарату тарифтерінің өсуіне жол бермеу мақсатында салалы министрлік қоқысты жағу арқылы электр энергиясын өндіруді көздейтін "Waste to energy" технологиясын енгізуге ниетті. Бұл ҚТҚ қайта өңдеу үлесін 30-40% деңгейіне дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді (Еуроодақ елдерінде қайта өңдеудің орташа үлесінің деңгейі).

Бұл үшін Министрлік қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің қарауында болатын тиісті заң жобасына бастама жасады. Министр М. Мырзағалиевтің айтуынша, бүгінгі таңда әкімдіктермен жер телімдері, инфрақұрылым және қалдықтармен кепілді тиеу мәселелері бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.