Қазақстанда атқарушылық өндіріс бойынша мобильдік қосымша әзірленуде.

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында халық алдында есеп беру кездесуі аясында сөз сөйлеген әділет министрі Марат Бекетаевтың ақпараты бойынша, ведомство сот актілерінің орындалуын жақсартуға бағытталған шараларды қабылдауда.

Осылайша, азаматтарға ыңғайлы болуы үшін ағымдағы жылы мобильдік браузерлерге арналған қолданыстағы порталдың интерфейсін оңтайландыруды жүргізу жоспарлануда. Ал 2021 жылы атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (АІЖ ААЖ) мобильді қосымшасын әзірлеу жоспарланып отыр, ол келесілерге мүмкіндік береді:

  • кабинеттен тыс жерде атқарушылық әрекеттер жасау;
  • өндіріс тараптарының іс жүргізу құжаттарымен таныстырылуы;
  • қолданылған шаралар мәртебесінің өзгеруіне жедел ден қою, санкция алу;
  • қолданылған шараларды автоматты түрде алып тастай отырып, атқарушылық өндірістер бойынша берешекті төлеу (шоттарды, жылжымайтын мүлікті бұғаттау, шет елге шығуға тыйым салу, заңды тұлғаның тіркеу әрекеттері). Бұдан басқа, атқарушылық өндіріс тараптарының кабинеті арқылы өндіріп алушы атқарушылық құжатты көрсеткенде функционал кеңейтіледі.

Анықтама: АІЖ ААЖ одан әрі дамыту мақсатында 14 екінші деңгейдегі банктің деректер қорымен кіріктіру жүргізілді. Енді сот орындаушылары онлайн режимде қаржы институттарында ауыртпалықтарды жедел сала және алып тастай алады. Сонымен қатар," Е-нотариат " ақпараттық жүйесімен өзара іс-әрекет іске қосылды, ол нотариустардың атқарушылық жазбаларын электронды форматта алуға мүмкіндік берді. Өнеркәсіптік пайдалануға "СМС-хабарлама" сервисі іске қосылды. Енді нөмірлерді тіркеу кезінде борышкерлердің телефондарына іс қозғалғаны және ол бойынша қабылданған процессуалдық әрекеттер туралы ақпараты бар СМС келіп түсетін болады.

«Атқарушылық іс жүргізуді цифрландырудың арқасында, азаматтарда сот орындаушыларымен онлайн өзара әрекет ету құралдары болады», - деп атап өтті М. Бекетаев.