Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен сараптамалық брифинг барысында денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді.

Вице-министрдің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта медициналық ұйымдарға 830 мыңнан астам "Азитромицин 500мг" таблеткасы, 980 мыңнан астам "Гентамицин" ампуласы, 107 мыңнан астам "Меропенема" флаконы, 2,5 млн. жуық "Метронидазол" флаконы, 3,5 млн. астам "Цефтриаксон" флаконы және т. б. жөнелтілді.

«Медициналық ұйымдарға дәрі - дәрмектер коронавирусты инфекциямен ауыратын науқастарды емдеу үшін жеткілікті мөлшерде жөнелтілетіндігін тағы да атап өткім келеді», - деп толықтырды Л.Бюрабекова.