Пандемия басталғаннан бастап бірыңғай дистрибьютор 19 сатып алу рәсімін өткізді. Сондай-ақ, жасалған келісім-шарттар шеңберінде КВИ-мен күресу үшін қосымша дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сатып алынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен сараптамалық брифинг барысында денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлімдеді.

Спикердің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта 6,5 млрд. теңгеге жеке қорғаныс құралдары, дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар мен жабдықтар сатып алынды. Қазіргі уақытта медициналық ұйымдарға 5,7 млрд.теңге сомасына жеке қорғаныс құралдары мен дәрілік заттар жөнелтілді (шамамен 4 млн. үш қабатты маскалар, шамамен 2,4 млн. төрт қабатты маскалар, 4 млн. астам жұп қолғаптар, 1 типті 150 мыңға жуық обаға қарсы костюмдер, стерильді, бір реттік қорғау үшін 5 895 жиынтық).

«Коронавирусты инфекциямен ауыратын науқастарды емдеу үшін 138,8 млн.теңге сомасына 59 дәрілік зат сатып алынды. Қазіргі уақытта республиканың медициналық ұйымдарына 128,7 млн.теңге сомасына 59 дәрі - дәрмек түрі жөнелтілді»,-деп атап өтті вице-министр.