15-22 маусым аралығында жедел медициналық жәрдем бригадалары тәулік сайын 22 мыңнан астам шақыруларға қызмет көрсетті.

2020 жылдың 5 айында жедел жәрдем бригадалары 3 млн.шақырым жол жүрген. Жалпы, елімізде күн сайын жедел медициналық жәрдем бригадалары 18 мыңға жуық шақырымға қызмет көрсетеді. Бұл туралы Шұғыл медицина үйлестіру Ұлттық орталығы Басқарма Төрағасының м.а. Бахтияр Жүсіпов сараптамалық онлайн-брифингте айтты.

Спикердің айтуынша, биылғы жылдың маусым айында жедел жәрдем шақыруларының 10%-ға өскені байқалады. Жедел жәрдем бригадалары тәулігіне 22 000 шақырымға қызмет көрсеткен. 15-22 маусым аралығында айтарлықтай өсім байқалды. Анықтама ретінде: өңірлер бөлінісінде шақырулардың едәуір өсуі Ақтөбе (20%), Қызылорда (20%) облыстарында, Шымкент (21,5%), Алматы (26%) және Нұр–Сұлтан (39%) қалаларында байқалады.

Б. Жүсіповтың ақпараты бойынша, жедел жәрдем бригадасының шақыру орнына дейінгі орташа уақыт аралығы 13 минутқа дейін ұлғайған, ал өткен жылдың ұқсас кезеңінде орташа уақыт 12,3 минутты құраған.

Анықтама: бекітілген ережелерге сәйкес жедел жәрдем бригадасының шақыру орнына дейін келу уақыты шақырудың шұғылдық санатына байланысты. Осылайша, пациенттің өміріне немесе денсаулығына қауіп төнген жағдайда келу уақыты 10-30 минуттан аспауы тиіс, ал пациенттің өміріне немесе денсаулығына қауіп болмаған жағдайда келу уақыты 60 минутқа дейін өзгереді.