Жоба аясында ЮНИДО-мен (БҰҰ) Қазақстанға қауіпті қалдықтарды жою қондырғысын беру туралы келісім жасалды.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпараты бойынша, елде Кеңес дәуірінен бастап тұрақты органикалық ластағыштардың орасан зор көлемі жинақталған: құрамында 40 мың дана ПХД бар майлар трансформаторлар мен конденсаторлар, 82,6 тонна және 4 100 литр ескірген тыйым салынған, пайдалануға жарамсыз пестицидтер және т. б.

Ведомство басшысының айтуынша, 2019 жылы министрлік ЮНИДО-мен (БҰҰ) Қазақстанға қауіпті қалдықтарды жою бойынша жабдық орнату туралы келісімге қол жеткізді.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының тұрғындарына арнаған сөзінде министр Мағзұм Мырзағалиев маусым айының соңына дейін «Дарьял-У» нысанынан Балқаш көлінің жағасынан қауіпті қалдықтар шығарылып, әрі қарай ЮНИДО жобасы аясында жойылады деп сендірді.