ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлеповтың айтуынша, оның ішінде 2 мектеп, 2 балабақша, 19 мәдениет нысаны, 36 спорт алаңы, 31 балалар алаңы және т.б. бар.

2019 жылы 61 млрд теңгеден астам демеушілік қаржы есебінен 2 274 жоба іске асырылды. 129 нысан реконструкцияланды. Атап айтқанда, 28 мектеп, 5 балабақша, 13 мәдениет объектілері, 14 спорт алаңдары, 68 аз қамтылған отбасыларға арналған үйлер, пәтерлер, 1 медициналық мекеме, 5 балалар алаңдары және т.б.

«Жалпы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске асырылған 3 жылда 270 млрд теңге демеушілік қаржы тартылды, оның ішінде 2 621 нысан бой көтерді, 2 142-сі реконструкцияланды. Осы жобаларды іске асыруға ел бойынша 12 мыңнан астам меценат қатысты», - деді вице-министрі Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте.