14 қазандағы жағдай бойынша 108 984 науқас тіркелді, соңғы тәулікте COVID-19 оң нәтижесімен 83 адам анықталған, 1 776 адам қайтыс болды. Коронавирустық инфекцияның 35 234 ықтимал жағдайы тіркелді (ПТР-), тәулігіне - 321, оның ішінде 373 адам көз жұмды. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің бас дәрігері Алексей Цой осындай мәліметтер келдірді.

«Біз әлемдегі жағдайға үнемі талдау жасап отырамыз және Еуропа мен жақын шет елдерде аурудың таралу көрсеткішінің өсімін байқаймыз. Бүгінгі күні әлемнің 214 елінде 37 735 578 КВИ жағдайы тіркелген, сырқаттанушылықтың өсуі – 0,7. 1 081 165 адам қайтыс болды, өлім-жітім көрсеткіші 2,9% құрады. Өткен аптада Германияда сырқаттанушылық даңгейін 1,0%-дан 1,5%-ға дейін өскен, Украинада 1,9%-дан 2,4%-ға дейін, Ресей Федерациясында - 0,8%-дан 1,1%-ға дейін, Испанияда 0,5%-дан 1,0%-ға дейін, Францияда 1,8-ден 3-ке дейін, Чехияда 1,8%-дан 3,7%-ға дейін, Италияда 0,8%-дан 1,3%-ға дейін өсті. ТМД елдерінде сырқаттанушылық даңгейінің өсімі Қазақстанға қарағанда 11 есе жоғары екендігін атап өткеніміз жөн», - деді министр.