Халықты иммундаумен қамту үшін Қазақстанда вакциналар мен ресурстар жеткілікті ме? Сәуір айында дәрігерлер, полицейлер, мұғалімдер және студенттерден кейін науқанды кезең-кезеңмен жүзеге асыруға сәйкес, қарапайым азаматтарға вакцинация жасалады. Алдыңғы шептегі қызметкерлерге екпе салу сәтті жүргізілсе, ерікті негізде вирустан тегін «қорғанысты» пайдаланғысы келетін адамдар көп болады. Мысалы, 2 миллион адам. Ведомство қандай шаралар қабылдайды?

Бұл сұраққа Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният жауап берді. Оның айтуынша, ауқымды шаралар қолға алынады.

«Ондай мүмкіндік бар, барлық емханаларда егу кабинеттері жеткілікті. Егер ол аз болса, кеңейтеміз. Басқа медициналық ұйымдарда санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтай отырып, қолайлы жағдай жасалатын болады. Бұл қолдану үшін келіп түсетін вакциналардың санына байланысты», - деп сендірді Ғиният.

Ал оның әріптесі, еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаппай иммундау кезінде 750 мың вакцина дозасын жеткізу жоспарланғанын хабарлады. Оның айтуынша, бұл жеткілікті болады. Оның үстіне, жеткізу де, вакцинация да кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.

Ол сондай-ақ журналистер тәуекел топқа жатқызылатынын атап өтті. Оларды вакцинациялау иммундау жүргізудің тиісті кезеңінде қарастырылған.

Қазақстанда тұратын шетелдіктерге келетін болсақ, олар вакцинаны тегін ала ма, жоқ па, әзірге белгісіз.