Қазақстандық ауруханалардың бірінде пациенттің өлуі мүмкін болған сәтте түсірілген бейнежазбаға түсініктеме берген Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният бұл бейнематериалда оттегіні ылғалдауға бағытталған Бобров аппараты көрсетілгенін мәлім етті. Бұл аппарат оксигенотерапия кезінде қолданылады және сатурациясы төмен ауыр емес науқастарға арналған.

Вице-министрдің айтуынша, видеожазбадан адамдар пациентке тыныс алуды жеңілдету үшін қол астындағы материалдардан жасалған құралдың көмегімен ылғалданған оттегі беру арқылы медициналық көмек көрсетіліп жатыр деп түсінген.

А.Гиният атап өткендей, талаптарға сәйкес КВИ-ді емдейтін барлық стационарлар 50%-ға оттегімен жеткізу құралдармен, 15% - ӨЖЖ аппараттарымен, 15% - инвазивті емес режимді ӨЖЖ-аппараттарымен, қалған 30% - Бобров аппараттарымен немесе оттегі концентраторларымен қамтамасыз етілуі тиіс.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты қолдан жасалған аппараттарды сақтықпен пайдалануға шақырды, себебі бұл қандай да бір асқынуларға әкеп соқтыруы мүмкін.

«Өкінішке орай, ондай жағдайлар бар. Сондықтан баршаңызды емделу процесіне мұқият қарауға және барлық іс-әрекеттеріңізді емдеуші дәрігермен келісуге шақырамын», - деп толықтырды министр.