«Адамдар үйлену тойларын, қыз ұзатуларды, құдалықты және ас беруді үйдің артындағы аулалар мен амбарларда жасырын өткізіп жатқаны құпия емес. Бетпердені міндетті түрде тағу туралы талаптарды елемейді. Осындай жеңіл пиғылды әрекеттердің нәтижесінде кем дегенде 20 адам аурухана төсегіне түсіп жатыр, өлім жағдайлары да бар. Біздің әрқайсымыз өз денсаулығымыз үшін ғана емес, жақындарымыздың денсаулығы үшін де жауапты болуымыз тиіс», - деді Е.Тоғжанов.

Сөзін толықтыра отырып, вице - премьер карантиннің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын бұзушылық үшін айыппұл 83 мың теңгені құрайтынын, ал ШОБ субъектілері 600 мың теңгеден астам айыппұл төлейтінін мәлімдеді.