Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халық алдындағы есептік кездесу аясында ІІМ жұмысының стратегиялық бағыттарының бірі халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау болып табылатынын хабарлады.

Оның айтуынша, өткен жылы ішкі істер органдары бірқатар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға тап болды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймаларындағы оқ-дәрілер жарылысының салдарын жою және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Сондай-ақ, өткен қысқы кезеңде полиция мен құтқарушылар күндіз және түнде іздестіру іс-шараларын жүргізді - 12 мыңнан астам адамды, соның ішінде 850 баланы эвакуациялады және құтқарды. 5 мыңнан астам техника тартылды.