«Qazsport» телеарнасының көрермендері футболдан Еуропаның 5 үздік ұлттық чемпионатының ең қызықты матчтарын тікелей эфирде тамашалай алады, деп хабарлайды ortcom.kz тілшісі.

«Спортсүйер қауым 2019 жылдың 2-12 наурыз аралығында Ресейдің Красноярск қаласында өтетін қысқы Универсиада ойындарын тамашалайтын болады. Сонымен қатар, Сәуірдің 29-нан мамырдың 5-і аралығында Астанада өтетін хоккейден халықаралық турнирді де «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсететін болады. Аламан бәйгеде Беларусь, Оңтүстік Корея, Венгрия, Словения және Литва елінен келген хоккейшілер бақ сынасады», - деді “Қазақстан” РТРК АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин.

Айта кетейік, UEFA Чемпиондар мен Еуропа лигасының ойындары да телеарна эфирінен жалғасын таппақ.