Қытай Халық саяси консультативтік кеңесінің мүшесі Цзи Чжие «Нұрсұлтан Назарбаев – жауапты көшбасшылық: сабақтастық және эволюция» атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлін атап өтті.

«Жалпыұлттық Көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан әлемнің назарын аударған үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Соңғы 20 жыл ішінде Қазақстанда екі жаңғырту табысты жүргізілді және енді үшінші жаңғырту іске асырылуда. Бірінші жаңғырту барысында Қазақстан саяси және экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізді. Екінші жаңғырту барысында Қазақстан халқы жаңа Елорданы құрып, елді индустрияландыруды сәтті жүргізіп, әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына енді», - деп атап өтті Цзи Чжие.

Сарапшының айтуынша, Қазақстан Орталық Азиядағы маңызды ойыншы ғана емес, әлемдік аренада маңызды рөл атқарады.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті Назарбаев мырза Қытай мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынас тарихына үлкен үлес қосты. 2008 жылдың 2 сәуірінде Алматыда Пекин Олимпиадасының алауын беру бойынша бірінші эстафета рәсімі өтті, оған Назарбаев өзі қатысып, оның алғашқы алауын алып келді. 2019 жылдың сәуірінде Президент Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевты Қытай Халық Республикасының Достық орденімен марапаттады. Бұл Назарбаевтың екіжақты қарым-қатынасқа қосқан үлесін жоғары мойындау», - деп түйіндеді Цзи Чжие.

Бүгін, 2020 жылғы 2 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында "Нұрсұлтан Назарбаев. Жауапты көшбасшылық: сабақтастық және эволюция".

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.