«Nur Otan» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры Юлия Кучинская «Нұрсұлтан Назарбаев - жауапты көшбасшылық: сабақтастық және эволюция» атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде этникалық, діни топтар, өңірлік және елдік мүдделер, жаһандық және ұлттық мүдделер арасындағы ымыраға келу - Қазақстан тұрақтылығының негізі болғанын атап өтті. Бұл ретте, Қазақстан халқының бірлігі мен келісімінің бірегей үлгісі нақты жас елордада тұжырымдалды және жүзеге асырылды.

«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ешкім Қазақстанға ең жақсы болашақты болжаған жоқ. Өзге қауіп - қатерлердің ішінде көпэтностылық, мультикультурализм, этнолингвистикалық, өңірлік, рулық бөлініс аталды. Астана елдегі түрлі күштер мен мүдделердің арасындағы тепе-теңдік нүктесіне айналды. Бұл көп жағдайда елорданы көшіру кезінде Ақмоланың демографиялық құрылымының арқасында мүмкін болды. Ақмола халқының саны бір жағынан елордаға басқа өңірлерден келетіндердің «жұмсақ» әлеуметтік бейімделуі үшін, екінші жағынан қала ішінде мүдделердің тепе-теңдігін сақтау үшін оңтайлы болды», - деп атап өтті Юлия Кучинская.

Сарапшы 30-шы жылдардағы қуғын-сүргін және тың игеру бойынша ауқымды науқан әсерінен қалыптасқан қаланың этникалық әртүрлілігі қоғамда төзімділік пен толеранттылықтың ерекше рухын қалыптастыруға мүмкіндік берді деп есептейді.

Бүгін, 2020 жылғы 2 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында "Нұрсұлтан Назарбаев. Жауапты көшбасшылық: сабақтастық және эволюция".

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.