Жарты миллиард теңгеге жуық айыппұл мемлекеттік қазынаға төленді. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып өткендей, жыл абсынан бері табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін монополистерге қатысты 412 қаулы шығарған. Оның ішінде мемлекет кірісіне 430 млн теңгеге жуық қары өндіріп алынды.

«Азаматтық істердің жалпы саны – 267 құрады, оның ішінде істердің 77%-ы Комитеттің пайдасына шешілді. Заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарау аясында монополистерге қатысты 66 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның ішінде 42 жағдайда бұзушылықтар анықталды, сәйкесінше, табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы өтініштерді талдау бойынша заңнаманы бұзу туралы 319 ұйғарым шығарылды. 213-і орындалды», - деп хабарлады ТМРК басшысы.