Вице - министр Ажар Гинияттың ақпараты бойынша, пандемия кезеңінде COVID-19 ауырған 13 мың емделуші сауығып, олар қалыпты өмірге қайта орала алды. Сын көтермейтін ауыр жағдайда болған 2085 емделушінің өмірі сақталды. COVID-19 бар жүкті әйелдерден 135 бала туылды.

«Бүгінгі күні COVID-19 күреске 41 мыңнан астам медицина қызметкері жұмылдырылды. Бұл сандар медицина қызметкерлерінің, әріптестерімнің үлкен еңбегін білдіреді», - деп толықтырды вице - министр.