Полиция қызметкерлерінің сайлау процесіне араласуына, сондай-ақ дауыс беруге арналған ғимараттардың ішінде болуына құқы жоқ. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тәртіп сақшыларының іс-қимыл алгоритмі жайлы ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров айтып берді.

«Сайлау туралы» Заңның 39-бабына сәйкес, полиция қызметкерлерінің сайлау процесіне араласуына, сондай-ақ дауыс беруге арналған ғимараттардың ішінде болуына құқы жоқ. Олар тек комиссия төрағасы шақырған жағдайда ғана тәртіпсіздіктің жолын кесу үшін сайлау учаскесінің ішіне кіре алады. Сайлау учаскелерінің төрағаларынан полицейлерге бұндай өтініш әзірге түскен жоқ», - деп баяндады ведомство басшысының орынбасары.

Сайлау барысында Қазақстан бойынша 40 мыңға жуық полиция қызметкері тәртіпті қадағалайды.