«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистке берген жауабында ипотеканың бір бөлігін төлеу тетігін нақты мысалмен түсіндіріп өтті.

Мысалы, 7 млн теңгелік ипотекалық кредит болған кезде, жеткіліктілік шегінен кейінгі сома 1,5 млн теңгені құраса, ай сайынғы төлем ақпан айынан бастап аздау болуы үшін борышты ішінара өтеуге болады.

«Сіз мұны «Отбасы банкі» арқылы немесе ипотека рәсімдеген өз банкіңіз арқылы жасай аласыз. Мысалы, Фортебанк, Сбер, ЦКБ, егер олар уәкілетті операторлар болатын болса. РБК мен Еуразиялық банк қазір біз арқылы, бір терезе арқылы жұмыс істейтіндерін айтты, онда ертең-ақ өтінім беруіңізге болады. Яғни, ішінара мерзімінен бұрын өтеуге болады... Заң жобасын талқылау сатысында уәкілетті оператор етіп заңды тұлға,ы белгілеу ұсынылды, бірақ кейін депутаттар мәселені қаржы нарығының бәсекеге қабілеттілігін кеңейту шеңберінде көтерді, біз оларды қолдадық. «Заңды тұлға» деген сөз Үкіметтің қаулысымен анықталған «заңды тұлғаларға» деп ауыстырылды. Сондықтан, екінші деңгейдегі банктер, менің білуімше, тек Халық банк қана әлеуметтік желілерде арнайы шоттар ашатынын ресми түрде жариялады, ал басқа банктер әлі белгісіз. Бұл іс жүзінде азаматтарға таңдау жасауға мүмкіндік береді: ипотекаң бар банк арқылы ресімделе ме, әлде «Отбасы банкі» арқылы ма. Ең бастысы, клиентке қолайлы жағдай жасау. Біз мұны құптаймыз», - деді Оператор басшысы.

Айта кетейік, жинақтарды емделуге пайдалану тұрғысынан – «Отбасы банк» жалғыз оператор болып қала береді.

«Норма осы айдың соңына дейін күшіне енеді. Қазір ішкі рәсімдерге сәйкес мемлекеттік органдармен нормативтік талқылау жүріп жатыр. Содан кейін Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы Әділет министрлігінде тіркеледі. Оны сайтта баршаңыздың назарларыңызға ұсынылды, талқыланды. Негізінде, онда сирек кездесетін ауруларды емдеу, ересектерге арналған стоматологиялық қызметтер бар екенін бәрі көрді. Денсаулықты айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін ауқымды спектр қарастырылған», - деді Ләззат Ибрагимова.