Бизнес қауымдастық зейнетақы жинақтарынан дивидендтерді салымшыларға кемел жасты күтпей-ақ, қазір пайдалануға мүмкіндік беруді ұсынды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл бастаманы қолдады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында айтылды.

«Зейнетақы жинақтары жеке басқаруға беру кезінде зейнетақы жүйесінде сақталатындықтан және келешекте салымшылардың еңбекке жарамсыз жаста табысын қамтамасыз ете отырып, зейнетақы төлемдеріне пайдаланылатындықтан, мұндай опцияны қарастыруға болады деп санаймыз. Салымшыларға зейнетақы жасына жеткенге дейін инвестициялық табыстың бір бөлігін немесе барлығын алу мүмкіндігін қарастыру. Бұл ұсынысты Агенттік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қарайды», - деп хабарлады Бағалы қағаздар нарығы департаменті директорының орынбасары Гүлчехра Талкамбаева.

Ал «жеткіліктілік шегінен» артық барлық жинақтарды екінші деңгейдегі банктің депозитіне аудару туралы мәселе мүлдем қаралмайды, өйткені ол үлкен тәуекелдермен байланысты.

«Зейнетақы активтерін басқарудың белгілі бір ерекшеліктері бар. Зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін Агенттік инвестициялау бағыттарын саралауды көздейді. Егер салымшының барлық зейнетақы жинақтарының сомасы екінші деңгейдегі банктердің бірінде депозитке салынды делік, оның белгілі бір тәуекелдері бар. Себебі бұл - бір заңды тұлға – ол банкротқа ұшырауы немесе бизнестен шығуы мүмкін. Зейнетақы активтері еңбекке жарамсыз жаста халықтың табысын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болғандықтан, олар бұқаралық құралдардың несиесі бойынша шарттарды сақтай отырып, әртүрлі қаржы құралдары бойынша инвестицияланады, нақты банктегі депозитке инвестициялауды қарастырып отырған жоқпыз», - деп түсіндірді спикер.

Сонымен қатар, ол екінші деңгейдегі түрлі банктердің, соның ішінде шетелдік банктердің депозиттеріне жинақтардың бір бөлігін ғана салуға болатынын жеткізді.