1 желтоқсан бүкіл әлемде Халықаралық ЖИТС-ке қарсы күрес күні атып өтіледі. Биыл бұл күн өзгеше форматта ұйымдстырылды. Өткен жылдары осы күні ЖИТС-ке жаппай тестілеу өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілетін. Үлкен ұжымдар жиналып, АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалауды талқылаған болатын. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Бауыржан Байсеркин мәлімдеді.

«Биыл науқан аясында елімізде түрлі іс-шаралар онлайн форматта өтті. ҮЕҰ елеулі үлесін қосты. АИТВ-инфекциясын емдеу, алдын алу, диагностикалау процестерін үзбеу үшін қоғамдастық мүшелерімен өте тығыз жұмыс істеген «АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың қазақстандық одағының» жұмысын ерекше атап өткім келеді. Әрине, бұл мәселе қауымдастықтарға ғана емес, барлық медициналық мекемелерге де әсер етті. ЖҚТБ-ға қарсы күрес жөніндегі жаһандық қор да медицина қызметкерлерін коронавирустық инфекциядан ЖҚҚ қамтамасыз ету шеңберінде өз үлесін қосты. ЮНЭЙДС те осындай жұмыс атқарды. Айта кетейін, соңғы 15 жылда Қазақстан белгілі бір жетістіктерге қолжеткізді. Біз ДДСҰ ұсынған барлық алдын алу іс-шараларын барлығын дерлік жүзеге асырдық, бірақ оның әлі де аз екенін түсіндік. Осыған байланысты, 1 желтоқсан - бұл әлі де болса қалып отырған оң және күрделі мәселелерді айта алатын күн. Мысалы, АИТВ-ның алдын алу және диагностикалау бойынша. Ортақ ынтымақтастық мәселелері, АҚТҚ жұқтырғандарға қатысты стигманы жою барлық жерде болуы керек және бұл біздің ортақ проблемаларымыз. Сонда ғана Қазақстан Республикасының аумағында АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларын тіркеуді тоқтата аламыз», - деді Байсеркин.