Өткен жылмен салыстырғанда өңірде дәрі-дәрмек шығару көлемі 10 есеге өсіп, шамамен 2 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім етті.

Аймақ басшысы зауыт қызметкерлеріне қолдау көрсету мақсатында тұрғын үйлер салынып жатқанын жеткізді. Алғашқы 90 пәтер келесі жылы пайдалануға беріледі және тағы екі үйдің құрылысы басталады. Вакцина шығару жұмыстарына жақсы мамандарды тарту және олардың еңбекақысын көтеру мәселесі қаралуда.

Сондай-ақ, өңірде коронавирусқа экспресс-тесттер шығару жоспарланған. Зауыт құрылысына 2 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Кәсіпорын желтоқсан айының ішінде қолданысқа беріледі. Осылайша, жамбылдық ғалымдар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндіріс інде серпіліс жасамақ.