Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық баспасөз маслихатында Абай атындағы ҚазҰПУ Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Азия Жұмабаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, дыбыспен жаттығу «Әліппеге» дейінгі кезеңнің міндеттерін қоюда және білім мазмұнын анықтауда тікелей басшылыққа алынды.

«А.Байтұрсынұлы балаларға әріпті көрсетпес бұрын, дыбыспен жаттықтыру керек дейді. Себебі оқуға келген балалар сөйлей білгенімен, сөздің дыбыстан тұратынын білмейді. Дыбыстың тізілімін білмейді. Дыбысты білмей тұрып, сөздің ішіндегі дыбыстарды тізбей тұрып, оқу жазуға үйрену қиын», - деді маман.

Басты қағида – оқушыға материалды және жұмысты шағымдап беру, мақсатқа қарай түзеп отыру. Спикердің пікірінше, бұл жаңа «Әліппе» оқу бағдарламасының құрылымдық, мазмұндық болмысын анықтайды.