Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда және басқа да бірқатар заңдарда мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жақын туыстары, жұбайлары немесе жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты лауазымдарды ғана атқара алмайтынын, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайлары немесе жекжаттары тікелей бағынысты лауазымдарды иелене алмайтынын хабарлады.

«Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар үшін өздері үміттеніп отырған лауазымға орналасуға ұйымның басшылығына осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабарлау міндеті енгізіледі», - деді О.Бектенов.