Шартты аймақтарға бөлу - бұл күн сайын мониторинг жүргізілетін өзгермелі жағдай. Бүгін «жасыл» аймақта болған өңір ертең «сары» аймаққа өтуі мүмкін. Оның үстіне, жағдайға елдегі аурудың жаппай өсуі, соңғы айларда 2-5 есеге артуы әсер етеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

«Нормативтік-құқықтық актілерде жазылған және КВИ таралуының алдын алуға бағытталған ережелер мектептерде сақталмаса, бұл ешқандай нәтиже бермейді. Мектептегі балалар осы талаптардың барлығын орындайтынына сенімді болу өте қиын десем, менімен бәрі келісетін шығар. Сонымен қатар, климаттық жағдайларды ескере отырып, желдету үшін барлық жағдайларды жасау өте қиын. Әрине, терезелер ашылмайды. Бұл жағдайда вентиляция жұмысы қауіпсіз ауа алмасуды қамтамасыз ете алады. Қазіргі ауа-райы жағдайында желдету – алдын алу шараларының бірі, оны жылыту маусымына байланысты сақтау өте қиын. Ылғалдылық аэрозольдің сақталу және тұнып қалу уақытына тікелей әсер етеді. Егер ауруды тасымалдаушы оқушы немесе мұғалім болса, қиын болады. Осы шаралардың барлығын және көрсеткіштерді ескере отырып, дәстүрлі оқуға ауысу немесе ауыспау туралы шешім қабылданады», - деп жауап берді Есмағамбетова журналистің сұрағына. Сонымен қатар, нақты елді мекендегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңірдің бас санитарлық дәрігері рұқсат беруі мүмкін екендігін атап өтті.