COVID-19-ға байланысты локдаун кезеңінде ақысыз онлайн-кеңестер беретін арнайы сайттар ашылды, олар қазір де өз жұмысын жалғастыруда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Николай Негай мәлімдеді.

Мысалы, 2020 жылдың 4 сәуірінде Қазақстанда covid-19.mentalcenter.kz сайты іске қосылды. Бұл платформа - БҰҰ орталығы мен балалар қорының (ЮНИСЕФ) жобасы. Оның мақсатты аудиториясы әлеуметтік жағынан немесе жас ерекшелігімен шектелмейді. Барлығы бірдей психологиялық көмекке жүгіне алады: карантин жағдайында оқшауланған ересектер, балалар, жасөспірімдер, қарт адамдар және мүгедектігі бар адамдар. КВИ-мен күреске тартылған медицина қызметкерлері мен білім беру психологтарына да кәсіби кеңестер беріледі.

«Сайт екі бөлімнен тұрады. Біріншісі, білім беру. Онда қандай да бомласын бұзылуларды, мазасыздықты, ұйқының бұзылуын қалай реттеуге болатынын, яғни пандемия кезінде стрессті басқару жолдарын біле аласыз. Қазіргі кезде 40 мыңнан астам адам осы сайтқа кіріп, 100 мыңнан астам адам тиісті сессиялар өткізген. Екінші бөлім - тиісті жеке көмек. Онда өзіңізді қызықтырған сұрақты қойып, жазбаша түрде жауап алуға болады. Сондай-ақ 350 адам online-кеңес алған.», - деді Негай.

Айта кетейік, кеңес алуға жазылу үшін телефон номері ғана қажет. Онлайн-кездесу уақыты абонентке СМС арқылы жіберіледі. Сондай-ақ анықтама қызметі, байланыс орталығы және электрондық мекен жай арқылы жүгінуге болады. Барлық ақпарат құпия сақталады!