Тергеу қызметкерлеріне тұрғын үй мәселесін шешуге көмек көрсетіледі. Бұдан былай олар да әскери қызметшілер секілді тұрғын үй төлемдері түріндегі қолдауға ие болады. Бұл туралы

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

«Заңмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері белгіленеді. Тұрғын үй мәселесін шешу, қызметкерлердің тиісті уәждемесін қамтамасыз ету мақсатында ғана емес, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін де маңызды болып табылады», - деді О.Бектенов.

Әзірге жаңашылдықты енгізу мерзімі белгісіз.