ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов халық алдындағы есептік кездесуінде, соңғы 3 жылда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 36,8 млн. шаршы метр тұрғын үй немесе 330 мыңнан астам тұрғын үй салынғанын атап өтті.

Сонымен қатар, өткен жылы 13,1 млн.шаршы метр жаңа тұрғын үй салынды. 116 мың отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты.

Әлеуметтік осал жағдайдағы 11 мың отбасы және мегаполис-қалаларда әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үймен жұмыс істейтін 3 мың жас қамтамасыз етілді.

10 мыңға жуық отбасы қолжетімді бағамен әлеуметтік несиелік тұрғын үй сатып алды. 5 мың отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасының шарттары бойынша тұрғын үй ала алды. Бұл «көп балалы», «толық емес отбасылар» және «мүгедек балалары бар отбасылар».

Биыл 15 млн. шаршы метр тұрғын үй салу және 39 мыңнан астам отбасын мемлекеттік қолдаумен қамту жоспарлануда.