Жол-көлік оқиғаларының орын алуына әсер ететін факторлар көп. Ол ауа райының қолайсыздығына, жолдардың сапасына және т.б. байланысты болуы мүмкін. Ал, ең бастысы – адами фактор. Жүргізушілер әдетте өздерінің жауапсыздығынан зардап шегеді. Бұдан Қазақстанда «жол жүру мәдениеті» қалыптаспаған деген қорытынды жасауға болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жол активтері ұлттық сапа орталығының бас директоры Замир Сағынов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жол-көлік апаттарының негізгі себептерінің бірі жылдамдықты арттыру болып табылады.

«Статистикаға сәйкес, барлық жол-көлік апаттарының 30 пайызы нақ осы жылдамдықты шектен тыс арттырудан орын алады. Сондықтан жол инфрақұрылымын сапалы салумен қатар, жылдамдықты қатаң бақылауда ұстау – жол қауіпсіздігін арттырудың маңызды құралы», - дейді Ұлттық сапа орталығының басшысы З. Сағынов.