ЖКО-ның кең тараған түрлерінің бірі жаяу жүргіншіні қағып кету. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жол активтері сапасы ұлттық орталығының бас директоры Замир Сағынов мәлім етті.

Ресми статистикаға сәйкес, соңғы 5 жылда жаяу жүргіншіні қағып кетумен 37 мың апат орын алған, оның ішінде 75%-ы жаяу жүргіншілер өткелінде және 25%-ы рұқсат етілмеген жерлерде жолдарды кесіп өту кезінде болған. Негізінен, мұндай ЖКО елді мекендерде орын алады.

«Сондықтан жол пайдаланушылардың қырағылығын арттыратын түрлі деңгейлі өткелдермен және жол қозғалысы қауіпсіздігінің сапалы элементтерімен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды күшейту, сондай-ақ халық арасында автомобиль жолдарынан өту ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу қажет», - деп атап өтті спикер.