«Қазіргі кезде Тауар нарықтарында бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба әзірленіп жатыр. Оның негізгі бағыттары биржалық сауданы дамыту, баға белгілеудің жаңа құралы ретінде биржалық индикаторлар тетігін қалыптастыру, мемлекеттік қолдау жүйесін шағын, орта бизнеске қайта бағдарлау болады», - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаменті директорының м.а. Әсемгүл Нұрмағанбетова.

Агенттіктің ресми мәліметінше, ұлттық жобаны іске асыру барлық мемлекеттік билік органдарының міндетіне, ал бәсекелестік іс-қимыл барлық нарыққа қатысушылар үшін нормаға айналады. Ұлттық жоба шеңберінде салалар мен өңірлерде бәсекелестікті дамыту стандарттары айқындалады. Шағын, орта бизнестің үлесін ұлғайту, өңіраралық кооперацияның көлемін арттыру және бәсекелестіктің көптеген басқа көрсеткіштері нысаналы индикаторлар ретінде негізге алынады.

«Баға саясаты азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйіне тікелей әсер ететін нарықтарға қатысушыларға әкімшілік қысымды төмендету және шығындардың ең аз мөлшері кезінде тежеудің жоғары деңгейін сақтау мақсатында монополияға қарсы комплаенс актілерін қабылдау ұсынылды. Комплаенсті әзірлеу туралы ұсыныс ірі сауда желілеріне де жіберілді. Мемлекет басшысы жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыруға және монополияға қарсы органның ақпараттық ашықтық деңгейін сапалы өзгертуге бағытталған монополияға қарсы органның ашықтығы туралы декларация жарияланды. Атап айтқанда, мәселелерді ашық, бірлесіп талқылау мен қарауды көздейтін «Open Space» атты коммуникациялардың жаңа құралы енгізілді», - деп атап өтті Нұрмағанбетова.

Ол үшін Агенттік қызметінің басты бағыттары бойынша қоғамдық алаңдар құру жоспарланған.