Сан емес, сапа уақыты. Білім министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздегі жоғары оқу орындарын оңтайландыру жүйесін түсіндірді. Бұл мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл мәселеге ерекше тоқталды. Министрлік тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. 25 ЖОО 67 лицензиядан айырылғаны туралы айтқан болатынбыз. Онда 17 мың студент білім алған, олар уақытылы ауыстырылып, оқуын жалғастыруда. Барлық соттар мен рәсімдер толығымен аяқталды және тағы бес ЖОО жабылды. Онда 45 мыңнан астам студент оқыды. Біз оларды басқа жоғары оқу орындарына ауыстырдық, олар да оқуын жалғастыруда. Біз жоғары оқу орындарына, нақты білім беру саласына қойылатын талаптарды арттырудамыз. Педагогика, медицина, сәулет-қала құрылысы қызметі, сондай-ақ құқықтану мәселелері сияқты дайындық бағыттары ерекше реттеуді қажет етеді.

Бүгінгі таңда еліміздің 85 жоғары оқу орны педагогтар даярлайды, олардың саны көп, бірақ даярлау сапасына қарайтын болсақ, көп сұрақ туындайды. Сондықтан біз біліктілік талаптарын күшейтеміз және осы жоғары оқу орындарынан лицензияны қайтарып аламыз. Заңгерлерді даярлау туралы да айтуға болады. Олар 72 университетте даярланады. Кезінде елімізде заңгерлерге деген қажеттілікті 2 жоғары оқу орны - ҚазМУ мен ҚарМУ қамтамасыз еткен. Олардың саны 2, 3 немесе 5 болуы керек деп айтпайды.

Ең бастысы, бұл сапа. Сондықтан қажетті сапаны қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдаймыз», - деп түсіндірді елдің бас оқытушысы.

Ол сондай-ақ, оқу жылы басталғанға дейін 36 ЖОО гранттарға мемлекеттік тапсырыс алмағанын айтты. Бұл рейтингтегі позицияларының төмен болуына және олардың атына келіп түскен бірқатар шағымдарға байланысты.