Барлық азаматтық емес жоғары оқу орындары LMS (Platonus, Univer, Moodle, и другие) платформаларын пайдаланып жатыр. Бірқатар жоғары оқу орындары өздерінің білім беру платформаларын әзірледі және қосымша пайдалануда. Мысалы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ZOOM және Cisco секілді шетелдік платформаларға ұқсас отандық Jinalysroom платформасын әзірледі. Интернеттегі видео-сессияларды ұйымдастыру үшін пайдаланылатын жүйедегі аккаунттардың орташа саны 2 626 құрады. Ал Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-де серверлік жабдықтар мен білім беру платформаларын жаңартуға шамамен 1 млрд теңге жұмсалды. Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов ЖОО қашықтықтан оқыту режиміне дайындық туралы баяндады.

Ол жаратылыстану-ғылыми білім беру бағдарламаларына үздіксіз онлайн-оқытуды жүргізу үшін ЖОО-лар серверлік инфрақұрылымның қуаты ұлғайтылғанын, қосымша компьютерлік техника мен виртуалды зертханалар сатып алынғанын жеткізді. Сонымен қатар, университеттер бұлтты және гибридті қызметтерге көшті, бірыңғай деректер қоймалары құрылды және барлық деректердің сақтық көшірмесі жасалды.

Сондай-ақ, электронды кітапханаларға қолжетімділік қамтамасыз етілген, онлайн офис-тіркеушілер, онлайн-деканаттар бар, 7 469 лицензиялық өнімі бар виртуалды зертханалар құрылған. Айта кетейік, академиялық үлгермеушілік бойынша оқудан шығарылғандар жоқ. Борышкерлер өздерінің академиялық несиелерін жазға ауыстыра алады. Ал тәжірибеден студенттер өз қалаларында өтті.