1 наурыздан бастап үй тұрғындары жылусыз, сусыз және жарықсыз қалуы мүмкін, өйткені ПИК-тің бұрынғы басшылығы құжаттарды жаңадан құрылған МИБ-ке бермейді. Журналист Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көршілерінің алаңдаушылығын жеткізді. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Өңірлік даму және әдіснама департаментінің басшысы Марғұлан Әбдікәрімов мұның бәрі кооперативтердің наразы және жосықсыз басшыларының «қорқыту» әрекеті деп сендірді.

«Пәтердің немесе тұрғын емес үй-жайдың әрбір меншік иесі коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен тікелей шарт жасасуы тиіс. Бұл тұрғыда басқарудың ауысуы немесе басқару нысанының өзгеруі, ПИК немесе басқарушы компанияның ауысуы коммуналдық кәсіпорындар көрсететін қызметтердің сапасы мен санына ешқандай әсерін тигізбейді. Егер басқарушы компанияңыз «олар үйіңізді қалдырып кетсе, құрисыздар» деп айтады. Осының барлығы беру процесінің кешіктірілуіне әкеледі, бұл басқару тізгінін меншік иелерінің қолына бергісі келмейтін жосықсыз басқару органдарының жасырын амалдары, сәйкесінше, бұл жерде тұрғындардан түсетін ақша маңызды рөл атқарады. Ешкімнің пайданы жоғалтқысы келмейді, содан кейін бопсалау, түрлі әрекеттер, қорқыту және т.б. басталады. Сіздің жағдай – дәл осы жағдай. Ал коммуналдық қызметтерге келетін болсақ, кәсіпорындар қызмет көрсетуін жалғастырады. Сіз коммуналдық қызметтер бойынша коммуналдық қызметтердің жекелеген жеткізушілеріне ақы төлейсіз, ал сіздің КПТҮ күтіп-ұстауға және басқаруға жұмсалатын қаражатты тұрғындардың жиналысында шешетін боласыз», - деп жауап берді спикер және жағдайдың мән-жайын анықтауға уәде берді.

Айта кетейік, жаңа ережелер бойынша ПИК-тің барлық құжаттары мен жабдықтарын тапсыру үш күндік мерзімде аяқталуы тиіс. Олай болмаса, олар жазалануы мүмкін. Көзделген жауапкершілік туралы ұсынысты салалық министрлік уәкілетті органға бекітуге жіберді.