Тілді дамыту үшін оны күнделікті өмірге алып келу керек. «Болашақ» қоры қазақ тілін дамыту мәселесін қолға алып, тиімді қадам жасауда. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әнші «RinGo» тобының мүшесі Данияр Өтеген осындай пікірін жеткізді. Әншінің пікіріне, киноконцерт балаларға керемет әсер береді.

«Біздің болашағымыз балалар. Олар кино көреді, ән тыңдайды. Соның барлығы балалардың санасына сіңеді. Мен сияқты, бала кезінен әндерді сүйіп тыңдайды. Он жылдан кейін, менің орнымда басқа балалар әнші болып отырады, сонда олар 10 жыл бұрын осындай концертте болып, сол әндер жүрегімде қалды деп айтады. Меніңше, бұл үлкен жұмыс», - дейді әнші.

Оның айтуынша, балалық шақтан сүйіп келе жатқан кейіпкерлердің әндерін орындау үлкен құрмет, үлкен қуаныш. Ал бұл әндерді өз ана тілімізде орындау – үлкен жетістік, ана тіліміздің дамуына қосқан үлкен үлес.

Айта кетейік, Данияр Өтеген киноконцертте үш ән орындады. Олардың бірі «Арыстан патша» мультфильміндегі «Can you feel the love tonight» әні. Оның қазақша нұсқасы ағылшыннан асып түспесе, кем емес, дейді ол.