Қыс түссе балық пен аң аулауды жақсы көретін адамдар көбейеді. Аадамдар еш ойланбастан мұзға шығады, тіпті қар жамылған жерлерге көлікпен де барады. Бірақ мұз әлі толық қатқан жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖ министрі Юрий Ильин мәлімдеді.

Оның айтуынша, ведомство қызметкерлері 20 күн бойы профилактикалық және құтқару жұмыстарын жүргізіп келеді.

«Шығыс Қазақстан облысында Зайсан көлінде 21-нен бастап қызметкерлер өз өмірі мен денсаулығын қатерге тігіп, қаза тапқан балықшыларды іздеу жұмыстарын жүргізуде.

8 желтоқсанда Қызылорда облысында Қамбаш көлінде балық аулау кезінде жеті азаматпен ВАЗ автокөлігі мұз астына түсіп кеткен. Нәтижесінде, төрт адам батып кетті. Бұл азаматтардың сақтай алатын және сақтауы тиіс қарапайым қауіпсіздік шараларының өрескел бұзылғанын көрсетеді. Құтқару жилеттерін киіп, қорғану қажет. Бұл қысқы және жазғы кезеңге қатысты, өйткені су айдындарында, оның ішінде жазда суға батқандардың көп бөлігі қарапайым сақтық шараларын сақтамайды: олар суда құтқарудың бастапқы құралдарымен жабдықталмаған.

Екіншіден, қараңғы уақытта қар басқан жерлер мен мұзға шығуға тыйым салу керек, өйткені мұздың қалыңдығы қандай екенін білмейсіз. Бұл қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін. Тағы айтарым, бақытсыз жағдайларға балалар душар болады. Жамбыл облысында да, Алматы облысында да екі бала қаза тапқан жағдайлар орын алды. Бұл тағы да «балаларды қараусыз қалдырғаннан» орын алған», - деді Ильин қазақстандықтардың немқұрайлылығын атап өтіп.