Орталық коммуникациялар қызметі 2021 жылға тұрақты аккредиттеу және баспасөз карталарын беру үшін БАҚ өкілдерінің пулын қалыптастыратыны туралы хабарлайды.

Аккредиттеуден өту үшін келесі құжаттарды жолдау қажет:

  • аккредиттелетін журналистің жеке куәлігінің көшірмесі;
  • БАҚ немесе телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган берген мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттігін, не теле - радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің көшірмесі.

Деректер m.kozhamzharova@ortcom.kz электронды поштасына БАҚ бірінші басшыларының ресми хатымен 2020 жылғы 01 желтоқсанға дейін қабылданады.

*Егер өтініш БАҚ редакциясының өкілінен берілсе, өтінішке журналисті аккредиттеу рәсімін жүргізуге БАҚ иесінің сенімхаты қоса беріледі. (Журналистерді аккредиттеу қағидасының 6-тармағы);

*БАҚ меншік иесі немесе БАҚ меншік иесі редакциясы аккредиттелген журналисті басқа журналистпен ауыстырған жағдайда, оны аккредиттеу Қағидада қарастырылған тәртіпте жүргізіледі. (Журналистерді аккредиттеу қағидасының 6-тармағы).