Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдындағы есептік кездесу аясында бүгінгі таңда еліміздің өңірлерінде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде, оның 13-і 2019 жылы пайдалануға берілді, 48-і жылдың соңына дейін аяқталады деп хабарлады.

Жалпы 2019 жылы 1 238 жаңа спорт нысаны салынды. Олардың арасында астаналық көпфункционалды «Жекпе-Жек» спорт кешені, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова атындағы заманауи жеңіл атлетикалық манеж бар.