Кітап оқу коэффициенті оқуды зерттеудегі негізгі көрсеткіш болып табылады және оқырмандар санының жалпы бір жылдағы санына ара қатынасымен есептеледі. Балалар мен жасөспірімдер жасының 36%-ы көпшілік кітапханалардың оқырмандары болып табылады. Көркем әдебиетті, техникалық және басқа да көптеген жанрларды оқиды. Бұл туралы педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының жетекшісі Үмітхан Мұңалбаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрағына берген жауабында мәлімдеді.

Үмітхан Дәуренбекқызы сондай-ақ қазіргі кезде «сәнге» айналған жылдам оқуға тоқталды.

«Мен балалар үшін таңдаудың болғанын қалаймын. Ол тез оқығысы келе ме, жоқ па - бұл оның таңдауы, түсініп оқығысы келе ме - бұл да оның таңдауы. Бірақ тез оқу ересектерге ғана тән. Мен жылдам оқудың бірнеше әдісін білемін, балалар үшін бұл қолайсыз, өйткені жылдам оқығанда да түсініп оқу керек, ал үстіртін қарайды», - деді педагог «сәнге» еліктемеуге кеңес бере отырып.