Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы қазан айында белгілер мен таңбалардың сапасын бағалауға арналған жалпы республикалық акция өткізді. Шара қорытындыларымен Жол активтері ұлттық сапа орталығының бас директоры Замир Сағынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте таныстырып өтті.

«Тексерілген 5 мыңға жуық белгінің 46 проценті нормаға сәйкес емес. 1620 шақырым жол белгілерінің 251 шақырымы стандартқа сай келмейді. Қала көшелеріндегі белгілердің 50 проценті және таңбалардың 40 проценті стандартқа сай болмай отыр. Бұл мәселені шұғыл назарға алу керек», - дейді Замир Сағынов.