Top.Mail.Ru

Құрметті БАҚ өкілдері!

2020 жылғы 17 наурыз күні сағат 15:00-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Нұр-Сұлтан қ. бойынша коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайға арналған баспасөз конференциясы өтеді.

СПИКЕР:

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 12 наурызындағы № 20-ПГВр “Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша шараларын күшейту туралы” қаулысына сәйкес, ОКҚ баспасөз шаралары онлайн форматта өтетінін хабарлаймыз. Тікелей көрсетілім Орталық коммуникациялар қызметінің YouTube https://www.youtube.com/user/ortcomkz және Facebook https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz желісіндегі парақшаларында өткізіледі.

Сұрақтарыңызды ОКҚ парақшаларындағы онлайн чат арқылы қоя аласыздар. Ол үшін аты-жөніңізді, БАҚ атауын көрсетіп, сұрағыңызды жаза аласыз. Уақыттың шектелгендігіне байланысты қайталанатын сұрақтар оқылмайды. Баспасөз конференциясының басталу уақыты өзгеруі мүмкін. Өзгеріс болған жағдайда қосымша ақпарат таратылатын болады.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!