Құрметті БАҚ өкілдері!

2019 жылы 3 шілде күні сағат 10:00-де Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы және «Алтын Қазына» қоғамдық бірлестігі қала күніне орай ұйымдастырылатын «Еуразия астаналарының қаламгерлері» Халықаралық Форумына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

СПИКЕРЛЕР:

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы

Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасы басшының орынбасары Наримаш Мұхамбеталина

ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы Әлібек Асқар

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша. +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 3 шілде күні сағат 09:00-ге дейін хабарласуға болады.