Құрметті БАҚ өкілдері!

4 шілде сағат 12.20-да орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Астана күніне орай әлемдік титул үшін жұдырықтасатын Жанқош Тұраровтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Қазақстандық боксшымен қатар жеңіл салмақта WBC бойынша әлем чемпионы титулын және тиісінше орташа салмақта WBO бойынша Еуропа чемпионы титулын қорғайтын Нордин Оубаали және Дэвид Оливер Джойс сияқты халықаралық жұлдыздар да өз жекпе-жектерін өткізеді.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша. +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 4 шілде күні сағат 11:00-ге дейін хабарласуға болады.