Құрметті БАҚ өкілдері!

9 шілде күні сағат 16:20-да Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында жалпы жүлде қоры 4 млн. теңгені құрайтын республикалық «Jastar alańy 2019» пікірсайыс Турнирінің басталуына орай баспасөз конференциясы өтеді.

СПИКЕРЛЕР:

«Jas Otan» ЖҚ Төрағасы Дәулет КӘРІБЕК.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқармасының төрағасы Батима МУКИНА. Саясаттанушы және қоғам қайраткері Айдос САРЫМ. Журналист, тележүргізуші НҰРСҰЛТАН ҚҰРМАН. Блогер, «Ха-ха» жобасының авторы АҚСҰЛТАН ҚАЛИЕВ. «Jastar Alany 2018» республикалық телевизиялық пікірсайыс турнирінің қатысушысы, пікірсайысшы Жұлдыз ЖҮНІСОВА.

БАҚ өкілдерін аккредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7(7172) 55-93-38 телефоны арқылы немесе sck.astana@gmail.com электронды мекенжайы бойынша 2019 жылғы 9 шілде күні сағат 15:00-ге дейін хабарласуға болады.