«Жалпы, мемлекет пен медицина қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында республикадағы медициналық-демографиялық ахуал былайша сипатталады. 
Өмір сүру ұзақтығының өсуі байқалады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша нәресте өлімінің көрсеткіші 3%-ға төмендеді. Бала туу көрсеткіші 3%-ға өскені байқалады.
Қатерлі аурулардан болатын өлім көрсеткіші 3%-ға төмендеді. Бірлескен ведомствоаралық жұмыстың арқасында жарақаттардан, жазатайым оқиғалардан және уланудан болатын өлім көрсеткіші 15%-ға төмендеді. Туберкулез сияқты қауіпті аурудан болатын өлім 21%-ға төмендеді», - деді еліміздің бас дәрігері.


Оның сөзінше, бұл күшейтілген бірлескен жұмыстың нәтижесі. Тіпті өлімнің кем дегенде 1%-ға төмендеуі де үлкен жетістік болып табылады, өйткені ел ауқымында бұл пайыздың артында мыңдаған адамның өмірі жатыр. 

 


«Бүгінгі таңда халыққа медициналық қызметтерді 7 мыңнан астам амбулаториялық-емханалық ұйым көрсетеді, оның ішінде мемлекеттік 59%, жеке меншік - 41%. Учаскелік дәрігердің жүктемесін азайту үшін біз 2020 жылы қосымша жалпы практика дәрігерлерінің 480 учаскесін аштық. Медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ел өңірлерінде 63 амбулаториялық-емханалық нысан салынып, пайдалануға берілді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті қаржыландыру өткен жылы денсаулық сақтауды қаржыландырудың жалпы көлемінің 52,4%-ына дейін жеткізілді. Бұл ретте, дәрілік заттарға жазып берілген жеңілдікті рецептілер саны 13,7 млн. бірлікке жетті», - деді министр.


Сондай-ақ, оның айтуынша, ел халқы скринингтік зерттеулермен қамтамасыз етілген. Олардың саны 2020 жылы 12 млн зерттеп-қарауды құрады. Нәтижесінде 600 мыңнан астам ауру анықталды.
Қант диабеті, гипертония және жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бойынша ауруларды басқару бағдарламасын іске асыру жалғасуда. 2020 жылы динамикалық бақылаудағы пациенттердің 55%-ы осы бағдарламаға қатысады.


Біз мобильдік медицинаны белсенді енгізудеміз. Үйде медициналық көмек көрсету үшін мобильдік бригадалардың саны 3 мың 700-ге жетті, оның 49%-ы ауылда.  Бұл ретте, 2020 жылы олар 750 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетті. Бұл үйде КВИ бар науқастарға медициналық көмек көрсетуде маңызды рөл атқарды.