Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 610 медициналық оңалту ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік - 377, жеке – 233, республикалық – 7. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының бастамасымен 8 жаңа оңалту орталығы ашылды.


Қазіргі уақытта медициналық ұйымдарда 695 мың мүмкіндігі шектеулі тұлға динамикалық бақылауда тұр, оның ішінде 95 мың бала осы тұлғаларға 2020 жылы 638 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетілді.


«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесін енгізудің арқасында оңалту қызметтерін қаржыландыру 2019 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артып, 55,7 млрд. теңгені құрады. 2021 жылы МӘМС қорына түсетін түсімдер есебінен біз оңалту қызметтерінің санын 806 мыңға дейін арттыруды, сондай-ақ осы қызметтерді қаржыландыруды 62 млрд. теңгеге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз», - деді А. Цой.