Сонымен қатар, 2020 жылы медициналық жоғары оқу орындарында 2 171 түлек даярланды.


«Айта кетейік, ауылдық жерге жұмысқа келген жас мамандар әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етіледі. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 836 маманға көтерме жәрдемақы берілді, 235 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді, 73 дәрігерге өзге де әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. Медициналық ұйымдарды білікті кадрлық ресурстармен жасақтау үшін келесідей шаралар көзделген. 
Бұл медицина қызметкерлерін даярлауға арналған гранттар санын арттыру. Дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу. 2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің еңбекақысын кезең-кезеңімен экономикадағы орташа еңбекақыдан 2,5 есе жоғары деңгейге дейін арттыру. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 247 мың медицина қызметкерінің еңбекақысы өсті: дәрігерлерде 30% - ға, орта медицина қызметкерлерінде 20%-ға», - деп хабарлады ведомство басшысы.


Осылайша, 2023 жылы дәрігерлердің орташа еңбекақысы шамамен 561 мың теңгені, орта медициналық қызметкерлердің еңбекақысы 210 мың теңгені құрайды.