Ол Қарулы күштерде форманың негізгі 4 түрі бар екенін атап өтті: салтанатты, күнделікті, далалық және арнайы киім нысандары. Маусым бойынша әскери форма жазғы және қысқы болып бөлінеді. Әскери қызметшілердің әскери киімі соңғы жаңартулардан кейін пішіні мен түсі түбегейлі өзгерді.

«Сонымен қатар, заттай мүліктің кей түрі неғұрлым ыңғайлы заттарға ауыстырылды. Мысалы, мерзімді қызметтегі сарбаздар үшін жартылай жүн матадан тігілген қорғаныш түсті костюмі далалық мақта-мата костюміне, сарбаздар шинелі - жылы далалық мақта-мата күртешесіне, ал шұлғаумен киілетін етіктер қонышы биік бәтеңке мен шұлыққа ауыстырылды. Маусым бойынша жазғы және қысқы бәтеңке бар. Қысқы кезеңге арнайы ұзын қонышты қысқы бәтеңке мен жүн шұлық енгізілді. Киім-кешектің басқа заттарына келетін болсақ, түрлі шаруашылық жұмыстарын орындау, сондай-ақ қару-жарақ пен техникаға қызмет көрсету кезінде жұмыс киімі қарастырылған, ол өз кезегінде жазғы және қысқы болып бөлінеді», - деді генерал-майор.

Бүгінгі таңда әскери форма ыңғайлы, әрі икемді. Ол соңғы үлгідегі материалдардан жасалады.